Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Үкімет басшысы бензин бағасының қымбаттауына қатысты мәлімдеме жасады

Азамат Ахметов
Фото ашық дереккөзден

Премьер-министр Әлихан Смайылов Үкімет отырысында бензин мен дизель бағасына қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Qonaev.info.

Үкімет отырысынан кейін министрлер кабинетінің басшысы журналистер алдына шықты. Ол бензин мен дизель отынының бағасына қатысты мәлімдеме жасады. Премьер-министр бағаны өсіруіне мәжбүр екенін айтып, мұны «оңай шешім емес» деді. Ол өз сөзінде мұнай өнімдерінің бағасына көңіл бөлмесе мұнай өнімдері тапшы болатыны айтты.

«Кеше Энергетика министрлігі елімізде жанар-жағармай бағасының өсетінін мәлімдеді. Мұндай шешім қабылдауға мәжбүр болдық. Яғни, бағаны қайта қарамасақ, онда жақында мұнай өнімдерінің тапшылығына тап боламыз. Бізде дизель отынын қолдану жылына бір адамға 300 литрден келеді. Ал Ресейде бұл көрсеткіш - 225 литр, Қырғызстанда - 90 және Өзбекстанда - 44 литр. Мемлекет жанар-жағармай өндірісін ұлғайту бойынша тиісті шаралар қабылдауда. Соңғы бес жылда бензин өндірісі 70 пайызға, ал дизель отыны 33 пайызға өсті», - деді Әлихан Смайылов Үкімет отырысынан кейін.

Оның айтуынша, мұнай компаниялары жоғары қарқынмен жұмыс істеп жатыр.

«Дегенмен жанар-жағармай нарығында тапшылық мәселесі азаяр емес. Қазақстандық арзан жанар-жағармай әртүрлі жолмен көрші елдерге кетіп жатыр. Осылайша отандық арзан жанар-жағармай өзіміздің мүддесіне емес, көрші мемлекеттердің экономикасына жұмыс істеп отыр», - дейді Прьемер-министр.

Сізге қызықты болады