Атырау тұрғыны 2008 жылы сатқан көлігінің салығы мен айыппұлын бүгінге дейін төлеп келген

Азамат Ахметов
Фото ашық дереккөзден

Атырау тұрғыны 15 жыл бұрын сатқан көлігінің салығы мен айыппұлын әлі күнге дейін төлеп келген, деп хабарлайды Qonaev.info.

Атырау қаласында тұратын 57 жастағы тұрғын «ГАЗель» автокөлігін 2008 жылы сатып жіберген. Алайда, сол кезден бері сатқан автокөліктің салығы мен айыппұлын төлеп келген.

«Соңғы бес жылдан бері бұрынғы көлігін өзінің иелігіндегі есептен шығару үшін іздестіруге кіріскен. Сөйтіп былтыр Атырау облыстық полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Руслан Мәжитовтің қабылдауына келіп, шағым түсірген. Полиция қызметкерлері атыраулық тұрғынның сатқан автокөлігі Алматы облысының Қаскелең қаласында екенін анықтады. Көлік бұрынғы иесінің есебінен шығарылды. Ал қазіргі иесі 800 мың теңге салығы мен айыппұлдарын өтеуге келісіп отыр», — деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.