Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Қазақстандықтар мамыр айында қанша күн демалады

Азамат Ахметов
Фото ашық дереккөзден

Қазақстандықтар ереке және демалыс күндерін (сенбі, жексенбі) есепке алғанда мамыр айында 11 күн демалады, деп хабарлайды Qonaev.info.

Egov.kz мемлекеттік порталының күнтізбесіне сәйкес мамырда үш бірдей мереке бар.

1 мамыр - Қазақстан халқы бірлігі күні

7 мамыр - Отан қорғаушы күні

9 мамыр - Жеңіс күні.

Осылайша қазақстандықтар мамыр мерекелерінде төрт күн демалады. Себебі 7 мамыр жексенбіге келіп тұр.

Еске салсақ, егер мемлекеттік мереке демалыс күніне (сенбі немесе жексенбі) сәйкес келсе, онда демалыс күндері бір күнге ұзартылады.

Айта кетейік ҚР Еңбек кодексінің 85-бабының 3-тармағына сәйкес мереке күндері жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында Үкімет демалыс күндерін басқа жұмыс күндеріне ауыстыруға құқылы.

Теги:
Сізге қызықты болады