Қарудың техникалық жағдайына қарай 345 мың теңгеге дейін сыйақы көзделген. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті Қару айналымын бақылау бөлімінің бастығы Асылбек Ыдырысов мәлім етті, деп хабарлайды Qonaev.info.
«Өтемақы мәселелеріне келетін болсақ, қаруды өтемді тапсырғаны үшін төлемдер мөлшері олардың түріне, техникалық күй-жайына байланысты әр бірлігі үшін 34 мыңнан 345 мыңға дейін әртүрлі болады.Сыйақы көлемін әр облыстық, қалалық және аудандық полиция органдарында құрылатын комиссиялар белгілейді. Мысалы 100 айлық есептік көрсеткішке дейін немесе 345 мың теңгеге дейін – автоматты ойық қаруды тапсырған азамат ала алады», - деді ол.
Ыдырысов өз сөзінде айтып өткендей, ойық ұңғылы мылтықтар мен карбиндер үшін 172 мың теңгеге дейін төленеді.
«Тапаншалар мен револьверлер үшін 138 мың теңгеге дейінгі мөлшерде төлеу болжанады. Тегіс ұңғылы мылтықтардың әрбір бірлігі 103 мың теңгеге бағалануы мүмкін. Травматикалық тапаншалар үшін 34 мыңға дейінгі мөлшерде төлеу болжанады. Төлемдер мөлшерін айқындау кезінде комиссиялар қарудың техникалық жай-күйін ескереді және тиісті санат беріледі, олар барлығы 3 санатқа бөлінеді. Бірінші санатқа жатқызылған қару үшін төлем ұсынылатын құнының 100%-ы, Екінші санатқа 70%-ы, үшінші санатқа 30%-ы есебінен жүргізіледі», - деді ол.