Синоптиктер 11-13 сәуір күндері Қазақстанда ауа райы қандай болатынына болжам жасады, деп хабарлайды Qonaev.info.
Ауа райы болжамына сәйкес, атмосфералық фронталь бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Нақтырақ айтқанда, 11 сәуірде, 12 сәуірде түнде Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жаңбыр жауады, кей жерде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.
Республиканың солтүстік жартысында Скандинавия аймақтарынан солтүстік-батыс антициклонның кіруі әсерінен ауа температурасы түнде 5-10 градус аязға дейін төмендейді деп күтіледі.
«Алайда, күндіз ауа температурасының біртіндеп көтерілуі күтіледі, 13 сәуірде термометрлер республиканың солтүстік жартысында 10-18 градусқа, оңтүстікте 17-30 градусқа дейін жетеді. Республикада тұман, жел күшейеді, оңтүстік облыстарда құмды дауыл соғып, найзағай ойнайды, солтүстік жартысында көктайғақ болады», - делінген синоптиктер болжамында.