Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Жаңаөзенде бір топ азамат жолды жауып тастады

Азамат Ахметов
Фото ашық дереккөзден

Жаңаөзен қаласында 12 сәуір күні таңертең бір топ азамат қала тұрғындарының көлік қозғалысына кедергі келтіріп, жолды жауып тастады, деп хабарлайды Qonaev.info Маңғыстау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қоғамдық қауіпсіздікті және көлік құралдарының кедергісіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін полиция қызметкерлері оларды профилактикалық әңгіме жүргізу үшін Жаңаөзен қаласы полиция басқармасына жеткізді. Мұндай іс-әрекет ҚР Әкімшілік құқықбұзушылықтың 614-бабы (Көлiк құралдарының жүруіне кедергi келтіру) бойынша шара қолдануға және ол 10 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде жауаптылыққа әкеп соғады", - деді полиция қызметкерлері.

Tengrinews.kz мәліметіне жүгінсек, кеше Жаңаөзеннен Астанаға 60-70-ке жуық жұмысшы келіп, Энергетика министрлігі ғимараты маңында пикетке шыға бастады. Жиналғандар өздерін "Өзенмұнайгаз" штатына ("ҚазМұнайГаз" еншілес компаниясы) жұмысқа орналастыруды талап еткен. ҚМГ баспасөз қызметі мәліметінше, олар тендерден ұтылған, "Өзенмұнайгаз" үшін мұнай сервис қызметтерін орындайтын "БерӘлі Маңғыстау Company" компаниясының бұрынғы қызметкерлері.

Сізге қызықты болады