Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Семейде бір-бірін 30 жыл көрмеген әке мен бала қауышты

Азамат Ахметов

Семейде 30 жыл бір-бірін көрмеген әке мен бала қауышты, деп хабарлайды Qonaev.info.

Облыстық ПД мәліметінше, Павлодар тұрғыны ұзақ уақыт бойы әкесін көрмеген. Жігіт 2 жаста болғанда, ата-анасы ажырасып кеткен. Ал ол анасымен бірге Павлодарға көшіп кеткен. Қазірге дейін ол сонда тұрады. Жігіт өзінің бала арманын орындап, әкесін қайта көру жөнінде шешім қабылдап, Семей полицейлерінен көмек сұраған.

Әуезов полиция бөлімінің учаскелік инспекторы Әділ Баймурзин іздеу жұмысын ұйымдастырып, ер адам орналасқан жерді анықтаған. Оның әкесі бұрынғы мекенжайда тұрмайтыны, ол пәтерін сатып, шаруа қожалығына жұмыс істеуге көшкені белгілі болған.

Сізге қызықты болады