Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Бұрынғы ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин қазір қайда жүр?

Азамат Ахметов
Фото: Pro.ligasy.kz

Қазақстанның бұрынғы Премьер-министрі Асқар Мамин Ташкентте өткен марапаттау рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Qonaev.info.

Өзбекстан астанасында Parimatch-Pro Hokei Ligasy-ның 2022/23 маусымының жабылу салтанаты өтті. Pro.ligasy.kz сайтының мәліметіне жүгінер болсақ, іс-шараға Қазақстан хоккей федерациясының президенті Асқар Мамин, Өзбекстан хоккей федерациясының президенті Бахтиёр Фазылов, ҚХФ бас директоры Глеб Каратаев пен Өзбекстан хоккей федерациясының бірінші вице-президенті Баходыр Гафуров қатысты.

Айта кетейік, Асқар Мамин Премьер-министр лауазымын 2021 жылғы 15 қаңтар 2022 жылғы 6 қаңтар аралығында атқарды. Ал қазір бұл қызметке Әлихан Смайылов тағайындалды.

Сізге қызықты болады