Әнші Бүркіт Дубайда үйі мен бизнесі барын айтып мақтанды

Азамат Ахметов
Фото ашық дереккөзден

Эстрадада «Бүркіт» деген лақап атпен танылған Айбек Сейітов Дубайда үйі мен кәсібі бар екенін айтып мақтанды, деп хабарлайды El.kz.

«Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында үй де, кәсіп те бар. Бірақ Индонезияның Бали аралынан әзірге бизнес ашқан жоқпыз. Өйткені ол жақ алыс. Қазақстаннан тікелей ұшақ та ұшпайды. Айналып баруға тура келеді», - дейді Бүркіт 1001 түн бағдарламасына берген сұхбатында.

Ол жүргізушіге қалжыңдап, Балиге тікелей ұшақ мәселесін шешіп беріңдерші деп айтты. Сосын өзіне ұшақ керегін де айтып қалды. Бірақ оның бұл идеясына әйелі Аиша қарсы болыпты.

«Ұшақ ала берсін. Алайда, ол өзі үйреніп, сол ұшақты өзі басқармақшы. Содан қорқамын», - деді ол.