Республикалық трассалардың 15 учаскесінде жол қозғалысына шектеу енгізілді

Азамат Ахметов
Фото ашық дереккөзден

Қар тазалау жұмысы тәулік бойы күшейтілген режимде жүргізілуде, деп хабарлады Qonaev.info.

“Күн күрт суып кеткен күннен бастап жолшылар шамамен 2 мың м3 көктайғаққа қарсы материал пайдаланды. 

Дәл қазіргі сәтте ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық трассалардың 15 учаскесінде жол қозғалысына шектеу енгізілді. Республикалық желіде 500 бірлік арнайы техника күтіп-ұстау жұмыстарын атқаруда.

Өткен тәулікте жолшы мамандар қар құрсауынан 65 көлікті шығарды”, - делінген “Қазавтожол” хабарламасында.