Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

«Ақтөбе-Шарм-эль-Шейх»: әуе рейсінде жолаушы қайтыс болды

Азамат Ахметов
Фото ашық дереккөзден

Ақтөбеге Египеттің Шарм-эль-Шейх қаласынан келген ұшақта жолаушы қайтыс болды. Бұл туралы Qonaev.info "Диапазон" басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Әуе кемесі Ақтөбеге 15 сәуірде шамамен 18:00-де қонған, оқиға бортта болған.

«Әлия Молдағұлова халықаралық әуежайының» басқарма төрағасы Дастан Малиевтің айтуынша, ұшақ қонған кезде жігіт ата-анасына киініп келетінін айтқан, осы кезде қайтыс болған екен.

Басылымның хабарлауынша жолаушы Ресейдің Уфа қаласының тұрғыны болған.

Оқиға орнына дереу жедел жәрдем шақырылды. Ол 12 минутта жетті. Дәрігерлердің айтуынша, ұшақта ер адам қимылсыз жатқан. Ол дәрігерлер келгенге дейін қайтыс болып кетті, ал себебі әзірге белгісіз.

Туыстары оның денесін өз еліне алып кетті.

Сізге қызықты болады