Жаңаөзенде жарылыстан қаза тапқандар саны артып барады

Азамат Ахметов
Фото: ҚР ТЖМ

Жаңаөзенде тұрғын үйде болған жарылыстан қаза тапқандар саны артты, деп хабарлайды Qonaev.info.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, құтқару жұмысы жалғасып жатыр.

"Құтқарушылар үйінді астынан тағы үш адамды тірідей алып шықты. Олар ер адам, әйел және бала. Осылайша, қазіргі уақытта құтқарушылар үйінді астынан төрт адамның денесі мен үш адамды тірідей шығарды", - делінген хабарламада.

Құтқарылғандар мен медициналық көмекке жүгінгендерді қосқанда барлығы сегіз адам ауруханаға жатқызылды.

"Үйінділерді тазарту жұмысына 40-қа жуық техника мен 350-ге жуық адам жұмылдырылды. Құтқарушылардың ішінде кинологтар, Ұлттық ұлан сарбаздары, жергілікті атқарушы органдар, жедел жәрдем, полиция, еріктілер бар", - деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.