Украина мен Ресей соғысы: қазақстандықтар да ұрысқа қатысып жүр ме?

Азамат Ахметов
Фото ашық дереккөзден

Қазақстанның ҰҚК Украинадағы әскери қақтығысқа қазақстандықтардың қатысу дерегін тергеп жатыр. Бұл туралы Qonaev.info Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

"ҚР ҰҚК Қазақстан азаматтарының Украина аумағындағы соғыс қимылдарына қатысу фактілері бойынша он қылмыстық істі тергеп жатыр", - деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.

Ведомство қазақтардың қай тарапқа қатысы барын нақтыламады.

"Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етуге жатпайды", - делінген хабарламада.