Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Ақтөбе облысында 17 ауыл жарықсыз қалды

Азамат Ахметов
Фото ашық дереккөзден

Ақтөбе облысында 17 ауыл төрт күннен бері жарықсыз отыр. Апатты кеше кешке дейін жоямыз деп сендірген шенеуніктер жұмыс көлемінің тым көп екенін мойындап, үлгермей жатқандарын айтты. Бұл туралы Qonaev.info Ktk.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Телеарна мәліметіне сүйенсек, демалыс күндері өңірде боран соғып, термометрлер минус 10 градусқа дейін төмендеген. Осының салдарынан электр сымдары мұздап, тіректер құлаған.

Әкімдік облыстағы желілердің 74 пайызының тозығы жеткенін айтады. Ауа райы 40 елді мекенді электр қуатынан айырған, дәл қазір 17 ауылда әлі де қосылмай тұр.

"Хромтауда бүгін жарық қосылуы мүмкін. Жұмыс көлемі өте үлкен. Бригада физикалық тұрғыдан үлгермей жатыр. Мектептерде, ауруханаларда, барлық әлеуметтік нысандарда генераторлар бар", - дейді Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Нұрберген Бекеев.

Сізге қызықты болады