Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Қазақстанның халықаралық резервтері 94 млрд долларды құрады - Смайылов

Азамат Ахметов
Фото: Ақорда

Өткен жылдың басынан бері Ұлттық қордың активтері 3 млрд долларға өсті. Бұл туралы елдің әлеуметтік-экономикалық мәселелері жөніндегі кеңейтілген кеңесте Үкімет басшысы Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстанның халықаралық резервтері 94 млрд АҚШ долларын құрады. Атап айтқанда, өткен жылдың басынан бері Ұлттық қордың активтері 3 млрд долларға өсіп, 58 млрд долларға жетті», - деді Ә. Смсайылов.

Премьер-министр халықаралық рейтингтік агенттіктер Қазақстанның инвестициялық рейтингін сенімділік деңгейінде растағанын, ал Standard&Poor's агенттігі биылғы наурыз айында экономикамызға қатысты өз болжамын жақсартқанын айтты.

Осыған дейін Қазақстан экономикасының өсуі осы жылдың I тоқсанында 4,9%-ды құрағаны хабарланған болатын.

Сізге қызықты болады