Астанада әйелдер арасындағы шахмат турнирінің жабылу салтанатында шетелдік қонақтар алдында ән салған Гүлнұр Оразымбетова ұятқа қалды, деп хабарлайды Qonaev.info.
"Көкке өрле" атты әнін шырқаған Гүлнұр Оразымбетованың тынысы жетпей, әнді орындау барысында қысылып қалды.
"Астанадағы шахмат турнирінің жабылу салтанатында әнші Гүлнұр Оразымбетованың “көкке өрлеуге” даусы жетпеді. Шетелдік қонақтардан ұят-ай", - дейді журналист Гүлбану Әният.
Ал желі қолданушылары әншінің өнеріне қатысты түрлі пікір білдіріп жатыр.
"Гүлнұр көкке өрлегісі келіп әбден ышқынып, жан тері шықты-ау. Сен жанды дауыста айтып күлкі болмай фонограммамен айта берші деп коментарий жазам деп мені блокқа салып еді. Бүгін соны айқын дәлелдеп тұр. Аузы қисық болсада Серікбайдың тонясы ән айтсын деген қағида", "Шетелдік қонақтардан ұят-ай", "Понограмма қоса салу керек еді ғой", "Ақша күшімен жүрген екен ғой", "Тыңдауға ұялдым", - деп жазды желі қолданушылары.
Айта кетейік, алғаш рет елімізде тұңғыш рет бір елдің шахматтан әйелдер құрамасы әлем құрамасына қарсы ойнады. Осыған дейін мұндай жарыс үш рет тек ерлер құрамалары арасында өткізілген болатын.