17 жастағы қазақстандық шахматшы әлемнің төрт дүркін чемпионын жеңді

Азамат Ахметов
Фото ашық дереккөзден

17 жастағы қазақстандық шахматшы төрт дүркін әлем чемпионы Хо Ифанды жеңді. Бұл туралы Qonaev.info Қазақстан шахмат федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Астана өкілі Меруерт Камалиденова шахматтан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы және 2022 жылғы классикалық шахматтан Қазақстан Республикасының чемпионы. Ол төрт дүркін әлем чемпионы Хо Ифанға бірде бір мүмкіндік бермей, сенімді түрде жеңіске жетті", - делінген хабарламада.