Алматы облысындағы еріктілер тергеу жүргізіп, Талғардағы үй және көше иттері қайда жоғалып кететінін анықтады. Олар тергеу жайлы видеоны парақшасына салды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Еріктілердің сөзінше, Кеңдала ауылында жүздеген бауыздалған ит жатқан шұңқырды тапқан.
"Иттерді басынан ұрып өлтіріп, ішек-қарнын ақтарып тастаған. Барлық жануар үй иті, себебі мойындарында шынжыр тұр", - дейді еріктілер.
Еріктілер фотоқақпан сатып алып, шұңқыр орналасқан аймаққа түнде орналастарған. Артынша фотоқақпанға бір көлік түсіп қалған. Кейіннен иттер жатқан шұңқыр бетонмен жабылған. Еріктілер "бұл кімнің тапсырысымен" жасалғанын түсінбей дал болған.