Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Қарасай ауданындағы қонақүйлердің бірінде өзбекстандық әйелдің мәйіті табылды

Азамат Ахметов
Фото: Алматы облысы ПД

Алматы облысындағы Қарасай ауданындағы қонақүйлердің бірінде 26 жастағы өзбекстандық әйелдің денесі табылды. Бұл туралы Qonaev.info ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

ПД мәліметінше, 20 сәуірде сағат 14.25-те қайғылы оқиға туралы полицияға хабар түскен.

"Қылмыстық құқық бұзушылық Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі - "Адам өлтіру" бойынша Қарасай ауданының ЕҚДБ-да тіркелді. Аса ауыр қылмыс жасады деген күдік бойынша жүргізілген тергеу әрекеттері мен жедел-іздестіру іс-шаралары бойынша 34 жастағы ер адам ұсталды. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты "қамауда ұстау" бұлтартпау шарасы санкцияланды", - дейді облыстық ПД басшысы, полиция полковнигі Бауыржан Әленов.

Қылмыстық іс бойынша тергеу Департамент басшылығының бақылауына алынған.

Сізге қызықты болады