Халықаралық іздеуде жүрген Алматы облысы ПД бұрынғы бастығы Серік Күдебаев Ыстамбұлда ұсталды, деп хабарлайды Qonaev.info.
Бүгін БАҚ беттерінде Алматы облысының ПД экс бастығы Серік Күдебаевтың ұсталғаны туралы ақпарат тараған еді.
Белгілі болғандай, журналистердің Бас прокурор Берік Асыловтан Қүдебаевтың ұсталғаны туралы сұрағына ол «иә» деп жауап берді. Сондай-ақ, оның Қазақстанға жеткізілгені айтылды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Халықаралық іздеуде жүрген Алматы облысы ПД бұрынғы бастығы Серік Күдебаев таулар арқылы шекара асқан болуы мүмкін деген ақпарат тараған еді.