Бас прокуратура: Күдабаев өз бетінше оралғысы келмеді

Азамат Ахметов
Фото ашық дереккөзден

Бас прокуратура Алматы облыстық полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаевтың Қазақстанға өз еркімен келмегенін мәлім етті, деп хабарлайды Qonaev.info.

Жоғары қадағалау органы қашқын генералды елге қайтару үшін құқық қорғау және арнайы органдар шетелдік әріптестерімен өзара іс-қимыл жасай отырып, Интерпол күштері қатысқан орасан зор жұмыс атқарғанын, ал Түркия Әділет министрлігіне оны экстрадициялау жөнінде материалдар жіберілгенін мәлімдеді.

«С.М.Күдабаев өз бетінше Отанына оралғысы келмеді, өйткені алынған мәліметтер бойынша ол тұруға ықтиярхатты ресімдеуге құжаттар тапсырған. Ол шетелдік әріптестердің көмегімен С.М.Құдабаев Түрік Республикасының аумағында ұсталып, Қазақстанға жеткізілді», - деп хабарлады ведомстводан.

Айта кетейік, Серік Күдебаевтың ұлы Арман Мырзақұлов әкесінің ұсталғанына қатысты пікір білдіріп, оның құқық қорғау органдарына өз еркімен берілгенін мәлімдеді.