Қарағанды қаласында екі жасар бала жетінші қабаттың терезесінен құлап мерт болды.
Е-karaganda басылымының жазуынша, қайғылы оқиға 9 мамырда қаланың оңтүстік-шығыс бөлігінде болған.
«Жетінші қабаттан құлап кеткен сәби жарақат алып, сол жерде көз жұмды», - делінген хабарламада.
Ақпаратты Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті растады. Құтқарушылар ересектерді абай болуға, балаларды қараусыз қалдырмауға шақырады.