Қарағандыда 2 жасар бала жетінші қабаттың терезесінен құлап көз жұмды

Азамат Ахметов
Фото ашық дереккөзден

Қарағанды қаласында екі жасар бала жетінші қабаттың терезесінен құлап мерт болды.

Е-karaganda басылымының жазуынша, қайғылы оқиға 9 мамырда қаланың оңтүстік-шығыс бөлігінде болған.

«Жетінші қабаттан құлап кеткен сәби жарақат алып, сол жерде көз жұмды», - делінген хабарламада.

Ақпаратты Қарағанды ​​облысының Төтенше жағдайлар департаменті растады. Құтқарушылар ересектерді абай болуға, балаларды қараусыз қалдырмауға шақырады.