Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Балқашта самокатпен өтіп бара жатқан 8 жасар баланы көлік қағып кетті

Азамат Ахметов

7 мамырда Желтоқсан көшесіндегі жаяу жүргіншілер жолынан самокатпен өтіп бара жатқан 8 жастағы баланы Toyota RAV4 маркалы көлігі қағып кетті, деп хабарлайды Еkaraganda.kz.

Зардап шеккен баланы жедел жәрдем қызметі Балқаш қалалық ауруханасына жеткізді. Ол бірден реанимация бөліміне жатқызылып, ота жасалған. Бала бас-сүйек жарақатын алған, іш қуысы зақымданған.

«8 мамырда ота жасалды. Қазір бала реанимация бөлімінен хирургиялық бөлімге ауыстырылды. Емдеу жалғасуда. Баланың жағдайы тұрақты. Әрі қарай медициналық тексерулер, компьютерлік томография жүргізіледі. Сонымен қатар, нейрохирургтердің консультациясы қажет», - деп мәлім етті Балқаш қалалық Орталық ауруханасының травматология бөлімінің меңгерушісі Мақсат Нұртазин.

Көлік тізгінінде 63 жастағы Балқаш қаласының тұрғыны болған. Аталған оқиға бойынша Қарағанды облысының полиция департаменті тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалған.

Сізге қызықты болады