ҰҚК төрағасының орынбасары Марат Қалқабаев ҰҚК төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбішке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Qonaev.info.
«Жауап өте қысқа болады. Мен бұл мәселеде түсініктеме беруге құзырлы емеспін. Құқық қорғау арнаулы органдарының басшысына құқықтық бағалауды Бас прокуратура береді. Істі ведомствоаралық тергеу жедел тобы зерттеді», - деді ол.
Қалқабаев Самат Әбіштің қайда жүргеніне қатысты сұраққа жауап берді.
«Мен оның қайда кеткенін айта алмаймын. Ол кісі жұмыстан кетіп қалды. Ол (Самат Әбіш) Қазақстанда шығар. Біз оны бақыламаймыз. Ол - Қазақстанның азаматы. Мүмкін, елде жүрген шығар», - деді ол.
Айта кетейік, қаңтар оқиғаларынан кейін Назарбаевтың немере інісі Самат Әбіш 17 қаңтарда ҰҚК төрағасының орынбасары қызметінен босатылғанын туралы хабарлама жарияланды.