Маңғыстау облысында Торыш шатқалына зиян келтіргендер анықталды

Азамат Ахметов

Маңғыстауда Торыш шатқалынан шар тәріздес тастарды алып кеткен. Бұл оқиға әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында анықталды. Бұл туралы Qonaev.info Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Полиция қызметкерлері шар тәріздес тастарды алып кеткендердің жеке басын анықтады. Құқық бұзушыларға профилактикалық әңгіме жүргізілді. Тастар қайтадан орнына қайтарылатын болады», - делінген баспасөз мәліметінде.

Айта кету керек, Торыш – шар тәрiздi конкрециялар (шарлар) алқабы. Маңғыстау облысының ең көрікті жерлерінің бірі.