Қызылордада ер адамды пышақтап кеткен күдікті ұсталды

Азамат Ахметов

Қызылордада сауда орталығының алдында ер адамды пышақтады деген күдікті ұсталды. Бұл туралы Qonaev.info тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қызылорда қаласының полицейлеріне белгісіз адамның сауда орталығының маңында бір ер адамды пышақтап, оқиға орнынан қашып кеткені туралы хабарлама келіп түскен.

"Жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларының көмегімен қала көшелерінің бірінде күдікті азаматтың басқаруындағы автокөлік тоқтатылды. Көліктен айғақ заттар алынды. Айта кетерлігі, күдікке ілінген азамат көлігінің мемлекеттік нөмірлерін алдын ала шешіп алған", - делінген мәліметте.

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Теги: