Қазақстанның әйелдер командасының көшбасшысы Елена Рыбакина тарихи жетістікке жетті. Жаңартылған WTA рейтингіндегі теннисші рекордтық төртінші орынға көтерілді, деп хабарлайды Qonaev.info Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы Римдегі (Италия) «Мастерсте» сәтті өнер көрсеткеннен кейін белгілі болды. Естеріңізге сала кетейік, Рыбакина осы жарыстың жеңімпазы атанды.
Бұған дейін WTA рейтингінде Елена алтыншы орында болған. Енді Рыбакинаның ең жақсы нәтижесі - төртінші орын.
Ига Швентек (Польша) бірінші орында, Арина Соболенко (Беларусь) екінші орында, ал Джессика Пегула (АҚШ) үшінші орында қалды.