Зорлық-зомбылық үшін халықаралық іздеуде жүрген германиялық азамат Астанада ұсталды. Бұл туралы Qonaev.info Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Көліктегі полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері Астана қаласында жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 2019 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген 1960 жылы туған Германия азаматын ұстады.
Қылмыскер Германияның Қылмыстық кодексінің 177-бабында көзделген қылмыс жасағаны үшін іздеуде болған.
Ол Астана Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.