Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Астанада жаңадан салынып жатқан үйде жарылыс болды

Азамат Ахметов

Елорда тұрғындары "Хан шатыр" сауда ойын-сауық үйі маңында салынып жатқан көпқабатты үй аумағында бірнеше жарылысты естіді, деп хабарлайды Qonaev.info.

Маңайдағы үйлердің тұрғындары алғашқы жарылыс толқынын 16:28 шамасында сезген. Одан кейін тағы екі жарылыс болған.

Мұхаметханов көшесі, 4В мекенжайында салынып жатқан көпқабатты үй аумағында қою қара түтін шығып жатқаны көрінеді.

Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі ақпаратты растады.

"Сағат 16:28-де Нұра ауданында Мұхаметханов көшесі, 4В мекенжайында жаңадан салынған нысанда өрт шықты", - деп хабарлады ТЖД.

Шақыруға 19 құтқарушы мен 4 техника шыққаны айтылды.

Теги:
Сізге қызықты болады