Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Ресейден шыққан өрт Абай облысындағы орманға тарады

Азамат Ахметов
Фото: ҚР ТЖМ

Абай облысында орман өртіне байланысты 277 адам эвакуацияланды. Жалынмен күреске өзге өңірлерден мамандар мен техникалар жіберіле бастады. Бұл туралы Qonaev.info Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Өрттің жалпы аумағы 1500 Га. Орман алқабында құрғақ шөп жанып жатыр.

Елді мекендерге төнген қауіпке байланысты Березовка шипажайы мен Березовка подхозынан 277 адам өз бетінше туыстарына эвакуацияланды.

Березовка шипажайы мен Березовка подхозында 15 адамнан тұратын қызметкерлер кезекшілік ұйымдастырды», - делінген министрлік мәліметінде.

Орман өртін сөндіруге барлығы 100 техника (оның ішінде 1 өрт пойызы) және 2 тікұшақ, сондай-ақ 402 адам жұмылдырылды. Қосымша Астана қаласы, Павлодар және Қарағанды облыстарының Төтенше жағдайлар департаменттерінен 133 адам мен 26 техника жіберілген. «Қазависпас» АҚ-ның МИ-8 тікұшағы (экипажы 4 адам) да атсалысуда. Бір тәулікте 2 тікұшақпен барлығы 59 157,5 тонна су төгілді.

«Өрт орнына вице-министр Марат Күлдіков келіп жетті. Командалық-штабтық машина (КШМ) жұмыс жасап жатыр. Сондай-ақ дағдарыс орталықтарында ТЖМ мен Абай облысының ТЖД жедел штабтары жұмыс істейді. Сенім телефоны ашық.

“Қазгидромет” деректері бойынша 24-26 мамырда Абай облысының Бородулиха ауданында екпіні 15-20 м/с дейін жел соғады», - делінген ТЖМ хабарламасында.

Еске салайық, 22 мамырда Ресейдің Алтай өлкесінің аумағындағы Новенькое ауылының маңында құрғақ шөп жанып, жалын «Семей орманы» табиғи резерваты аумағына тараған болатын.

23 мамыр күні түскі уақытта ұсынылған ақпаратта өрт 1,1 гектар аумаққа тарағаны туралы айтылған еді.

Сізге қызықты болады