Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Орал әуежайы Қазақстанға тиесілі ме? Әкім жауап берді

Азамат Ахметов

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Орал әуежайының кімге тиесілі екенін айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Нариман Төреғалиев әуежай акцияларының 49 пайызы ресейлік "Ретранс" АҚ компаниясына тиесілі екенін, ал акциялардың бақылау пакеті облыс әкімдігінің қолында екенін айтты.

"Бұл "Аймақтар әуежайы" АҚ құрамына кіретін басқарушы компания. Бұл компания акционер. Ал Вексельбергке келсек, ол бүгінде "Ретранс" АҚ құрылтайшысы емес. Неліктен? Себебі, осы әуежайдың үлестері иеліктен шығарылған кезде, азаматтық авиация комитеті мәліметтердің барлығын мұқият тексерді.

Қала құрылысы және сәулет комитетінен басқа, осы компанияның үлесін иеліктен шығарған барлық мемлекеттік органдар келісілген түрде тексеріс жүргізді. Осыдан кейін ғана өткен жылы қарашада Үкіметтің қаулысы шықты", - деді әкім брифинг барысында журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Аймақ басшысы ұлттық қауіпсіздікке қатер төнген жағдайда нысанды уақытша басқару мемлекет меншігіне өтетінін қосты.

Теги:
Сізге қызықты болады