Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Түркиядағы президент сайлауы: Ердоған жеңіске жетті

Азамат Ахметов
Фото ашық дереккөзден

Түркиядағы президенттік сайлаудың екінші турында қазіргі мемлекет басшысы Режеп Тайып Ердоған 52,16 пайыз дауыс жинап, жеңімпаз атанды. Оның қарсыласы Кемал Кылычдароғлы 47,84 пайыз дауыс жинады.

Anadolu агенттігінің жазуынша, мұндай алдын ала мәліметтерді жексенбі, 28 мамырда Түркияның Орталық сайлау комиссиясы жариялады.

«Біз халқымыздың ізгі ниетімен президент сайлауының екінші кезеңін аяқтадық. Бізге демократия мерекесін сыйлағаны үшін халқыма алғыс айтқым келеді. Бізге алдағы бес жылда елді басқару жауапкершілігін тағы бір рет сеніп тапсырған еліміздің барлық өкіліне жасаған таңдауы үшін алғыс айтамын», - деді Ердоған Ыстамбұлда жақтастары алдында сөйлеген сөзінде.

Осылайша, Ердоған үшінші рет президент болып сайланды.

Айта кетсек, сайлаудың бірінші турында 69 жастағы Ердоған дауыс бергендердің 49,5 пайызының қолдауына ие болса, 74 жастағы Киличдароғлы 44,9 пайыз дауыс жинаған болатын. Ашық ұлтшыл көзқарастардың кандидаты Синан Оган 5% дауыспен үшінші болды.

Оган сайлаудың екінші туры алдында Ердоғанды ​​қолдап сөйледі. Кылычдароғлы сайлаушыларды Ердоғанның 20 жылдық «авторитарлы билігін» тоқтатуға шақырды.

Режеп Тайып Ердоған Түркияны 2003 жылдан бері басқарып келеді. 2014 жылға дейін премьер-министр қызметін атқарды, енді ол үшінші рет қатарынан ел президенті болып сайланды.

Сізге қызықты болады