Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Биыл әуе маршруттарын субсидиялауға 7,2 млрд теңге бөлінді - министр

Азамат Ахметов
Фото ашық дереккөзден

Биыл әуе маршруттарын субсидиялауға 7,2 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Әуе тасымалдарының ішкі нарығы толығымен реттелген. Яғни, кез келген қазақстандық әуе компаниясы қолда бар сұранысқа сәйкес кез келген ішкі маршруттар бойынша ұшуларды шектеусіз орындай алады. Қазіргі уақытта ішкі әуе тасымалдауды 5 қазақстандық тасымалдаушы жүзеге асырады. Аптасына 56 ішкі авиамаршрут бойынша 706 рейс орындалады», - деді министр.

Оның атап өтуінше, ұшу қолжетімділігін жақсарту және ішкі туризмді дамыту мақсатында әуе маршруттарын субсидиялау қолданылады.

«Осы жылы 7 облыста 23 әуе маршрутын субсидиялау үшін республикалық бюджеттен 7,2 млрд теңге бөлінді. Ішкі туристік бағыттарға басымдық беріледі», - деді Марат Қарабаев.

Сізге қызықты болады