12 маусым – Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні, деп хабарлайды Qonaev.info.
Тиісті жарлыққа Қасым-Жомарт Тоқаев бір күн бұрын, 11 маусымда қол қойды.
«Абай облысындағы орман өртінің салдарынан адамдардың қазаға ұшырауына байланысты Қазақстан Республикасында 2023 жылғы 12 маусымда жалпыұлттық аза тұту жариялансын», - делінген Жарлықта.
Бүкіл ел бойынша, соның ішінде елдегі ең үлкен мемлекеттік ту түсіріледі.