Қарағандылық әйел интернетте қазақтарды балағаттап, Қазақстанның Ресейге қосылуы туралы айтқан

Азамат Ахметов

Құқық қорғау органдары оны тексеріп жатыр

Қарағанды қаласының тұрғыны интернетегі чат-рулет желісінде қазақ халқына тіл тигізіп, елдің тәуелсіздігіне күмәнмен қарайтынын айтқан. Полиция оның үстінен дереу қылмыстық іс қозғады деп хабарлайды ҚазТАГ.

«Видеоны полиция қызметкерлері тексерді. Аталған жайтқа қатысты 24 маусым күні тәртіп сақшылары 45 жастағы қарағандылық әйелді анықтап, ұстады. Оның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы бойынша (ұлтаралық алауыздықты қоздыру) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», - делінген Қарағанды облыстық Полиция департаменті таратқан хабарламада.

Белгілі болғандай, күдікті әйел чат-рулетте Грузия азаматымен сөйлесіп отырып, қазақ ұлтына қатысты балағат сөздер айтқан және Қазақстанды Ресейге қосу бойынша референдум өткізу мәселесін көтерген.