Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Үндістанда 20 жылда болмаған жауын: 10-нан астам нысан құлады

Азамат Ахметов
Фото ашық дереккөзден

Үндістан астанасы Делиде 20 жылда болмаған жауын жауып, қаланың басым бөлігі су астында қалды. Бұл туралы Qonaev.info тілшісі NDTV телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Табиғат апаты салдарынан кемінде 15-ке жуық ғимарат құлап, тас жолдардың талқаны шыққан. Екі адам қайтыс көз жұмды. Делидің іскерлік және коммерциялық аудандарының бірі – Коннот Плейс қатты зардап шекті. Сенбі күні басталған жауын мөлшері тоғыз сағат ішінде 125 мм-ге жеткен.

Үндістанда соңғы рет мұндай  толассыз жаңбыр 2003 жылы тіркелген. Ал рекорд 1948 жылға тиесілі, бір күнде 266 мм жауын-шашын жауған. Осыған дейін бұл елде найзағай түсуінен 12 адам қаза тапқан болатын. Бұл Бихар провинциясында болған.

Синоптиктердің болжамынша Үндістан астанасында қатты жаңбыр кем дегенде әлі 3 күнге созылады.

Сізге қызықты болады