Бокстан әлем чемпионы Астанада кішкентай баласы бар еркекті соққыға жықты

Азамат Ахметов

Полиция қылмыстық құрам жоқ деп іс қозғамаған

Фото ашық дереккөзден

Кәсіпқой бокстан әлем чемпионы болған Бейбіт Шүменов Астанадағы сауда ойын-сауық орталықтарының бірінде қолында баласы бар ер адамды соққыға жыққан. Спортшының бұл әрекеті бейнебақылау камерасына жазылып, қоғам оны қызу талқылап жатыр.

Жәбірленген ер азамат жергілікті тұрғын болып шықты. Ал, оқиғаның өзі биыл маусым айында болған. Осы уақытқа дейін жәбірленуші полицияға арызданғанымен, тәртіп сақшылары қылмыстық құрам жоқ деп, іс қозғаудан бас тартып келген көрінеді. Тек төбелестің видеосы әлеуметтік желілерде тарай бастағаннан кейін ғана Полиция департаменті «Бұзақылық» дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастаған.

Видеороликтен Бейбіт Шүменовтің кішкентай баланың бар екеніне қарамастан оның әкесін аяусыз ұрып жатқанын анық көруге болады. Оларды бірнеше адам әзер ажыратқан.

Айда кетейік, Бейбіт Шүменов кәсіпқой бокстан жартылай ауыр салмақта WBA және IBA бойынша әлем чемпионы атанған.