Жаркентте ер адам 42 жастағы әйелді зорлап өлтіріп, денесін өртеп жібермек болған

Азамат Ахметов
Фото ашық дереккөзден

Алматы облысы Жаркент қаласында ер адам 42 жастағы әйелді зорлап, артынша өлтірген деп хабарлайды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Күдікті ізін жасыру үшін мәйітті өртеп жібермек болған. Алайда, бұл ісін соңына дейін жеткізе алмапты. Қазір ол қолға түсіп, тергеліп жатыр.

«Заң аясында тиісті іс-шараның бәрі жүргізіліп жатыр, оның нәтижесінде күдіктіге қолданатын шара белгілі болады», - деді Полиция департаментінің ресми өкілі Меруерт Морякова.