Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Сарығашата 5 жасар қыздың өліміне күдіктіні қамамаған үшін сот төрағасы қызметінен қуылатын болды

Азамат Ахметов

Түркістан облысы Сарыағаш аудандық сотының төрағасын қызметінен қуатын болды. Бұл туралы Жоғарғы соттың баспасөз қызметі хабарлады.

5 жасар бүлдіршіннің өлімінен кейін күдіктінің биыл мамыр айында сотталып, бірақ қамалмағаны белгілі болған еді. Ауыр қылмысына қарамастан судья оған шартты жаза берген. Осыдан кейін Жоғарғы сот қызметтік тексеру жүргізіпті.

Тексеру нәтижесінде Сарыағаш аудандық сотының төрағасы қызметінен босатылатын болды.

Еске салайық, 13 шілдеде Сарыағаш аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын қызының жоғалып кеткені туралы айтып шағымданған еді. Сол түні бүлдіршіннің азаптап өлтірілген денесі көрші үйдің шатырынан табылған. Ал, қызды өлтірді деген күдікті ер адам бұған дейін адам өлтіргені үшін бір сотталса, биыл тағы бір адамның денсаулығына ауыр залал келтіріп істі болыпты.

Сізге қызықты болады