«Қарызы себеп болған»: Алматы облысында әйел көршінің қызын аузын байлап, ұрып-соққан

Азамат Ахметов

Алматы облысы Жамбыл ауданына қарасты Қарғалы ауылында жергілікті тұрғын көршісінің қызын аузын шүберекпен байлап, оны ұрып-соққан. Бұл туралы блогер Сәуле Бикитеева мәлімдеді.

Осы сәт түсірілген видеоматериал әлеуметтік желіде тарағаннан кейін қоғамда қызу резонанс туып, мәселеге Балалар құқығы жөніндегі уәкіл Динара Закиева араласты.

«Ұрған әйел көршісі болып шықты. Ол қызды тастанды ғимаратқа апарып, бетінен шапалақпен ұрған және мұны анасына жеткізіп бар деп тапсырған. Анаының айтуынша, бұл оқиғаға көршінің қарызы себеп болуы мүмкін», – деді Закиева.

Қазіргі таңда кішкентай қызды ұрған әйел ауылды тастап кетіп қалған. Құқық қорғаушылар оны іздестіріп жатыр екен. Ал, баламен мектеп психологтары жұмыс істейтін болады.