Түркістан облысы Сарыағаш ауданына қарасты Жібек-Жолы ауылында жиырмадан астам адам митингке шықты. Олар жуырда ғана педофил қолынан қайтыс болған бес жасар қыздың туыстары.
Бас көтерген халық құдайы тамақтан шығып әкімдік алдына қарай бет алған. Олар қылмыскердің қатаң жазалануын талап етіп отыр.
Оқиға орнына полицейлермен бірге аудан әкімі және прокурорлар келген.
«Жиналғандарға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, 1,5 сағаттан кейін бәрі тарқасты. Қазіргі таңда ауылдағы ахуал тыныш», – дейді облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Еске салайық, 5 жасар қызды зорлықпен өлтірді деп айыпталған ер адам бұрын адам өлтіргені үшін сотталып, түрмеден шыққан. Биыл ол ауыр қылмыс істегеніне қарамастан, сот оны шартты жазамен бостандыққа шығарыпты.