21 шілдеде Әйтеке би ауданына қарасты Аралтоғай ауылының маңында ЫРғыз өзеніне кішкентай үш қыз батып кетті деп хабарлайды облыстық ТЖД-ның баспасөз қызметі.
Құтқарушыларға шақырту сағат 16:45-те келіп түскен. Оқиға орнына жеткен мамандар қыздардың рұқсат етілмеген жерде шомылғанын анықтады. Олардың екеуі Әйтеке би ауданынан болса, үшіншісі Ырғыздан келген. Олардың ата-анасы бір-біріне туыс болып келеді.
«15 және 12 жастағы қыздардың денесін куәгерлер сол сәтте шығарған. Үшінші қыздың денесін сағат 21:32-де құтқарушылар су астынан алып шықты. Қыздар суға түскен кезде бірінің анасы олардың жанында болған», – деді ТЖД өкілдері.
Айта кетейік, жыл басынан бері Ақтөбе облысында 11 адам суға кетсе, олардың тоғызы кішкентай балалар.