Бүгін Астанадағы «Оңтүстік-Шығыс» шағынауданында жойқын жарылыс болды. Қосқабатты үй өртеніп, үй ауласындағы автоцистерна жарылған.
Оқиға Ер Қосай көшесінде болды. Өрт сөндірушілер жарты сағат көлемінде қызыл жалынды ауыздықтады.
«27 шілдеде сағат 14:11-де өрт сөндірушілер Ер Қосай көшесінде жанып жатқан нысанға келіп жетті. Белгілі болғандай, мұндай автоциситерналар мен жанғыщ сұйықтығы бар бөшкелер және екіқабатты коттедж жанып жатыр екен. Өрт сағат 14:45-те ауыздықталды. Қазіргі таңда отты толық өшіруге 74 маман мен 14 техника жұмылдырылған», - деді Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Адам шығыны жайлы ақпарат әзірге жоқ. Куәгерлер жойқын жарылыстың видеосын әлеуметтік желіде таратып жатыр.