Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Алматыда 5 адамды атып өлтірген Игорь Дужновтың отбасын үйінен мәжбүрлеп көшіріп жатыр (ФОТО)

Азамат Ахметов

2021 жылы Алматыда бес бірдей адамды атып өлтірген жергілікті тұрғын Игорь Дужновтың әйелін сот орындаушылар үйінен мәжбүрлеп көшіріп жатыр деп жазады Orda.kz.

Полиция оқиға орнына журналистерді жібермей тұр. Қылмыскердің әйелі Анаид Демирчян да үйіне кіре алмай жүр. Сот орындаушылары оның жүгін жинап берген.

Еске салайық, 2021 жылдың 20 қыкүйегінде Алатау ауданының Ақбұлақ шағынауданында Игорь Дужнов үйіне келген сот орындаушысын, екі полицей мен тағы екі адамды атып өлтірген болатын. Артынша белгілі болғандай, қылмыскердің банк алдында қарызы болған. Алайда, банк пен сот орындаушылары ол қарызды өсіріп жіберіп, Дужновтың үйін тәркілеуге және екінші тарапқа сатуға көшкен.

Оқиға болатын күні даулы үйге сот орындаушысымен бірге үйдің жаңа қожайыны және оның досы да келіпті. Екеуі де атыс салдарынан қаза тапты.

Сот Дужновты 2022 жылы сәуірде өмір бойына бас бостандығынан айырды. Сот барысында белгілі болғандай, ол Украинаға барып, Донбасс қаласында сепаратистер жағында соғысқан болып шықты.

Сізге қызықты болады