Алматы қалалық Орталық клиникалық ауруханасында ВИЧ жұқтырған науқастардың ҰҚК қызметкерлері екені ақпарат тарауда. Еліміздің бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова бұл ақпаратты жоққа шығарды.
«Алматы қалалық орталық клиникалық ауруханасында қан құю кезінде ВИЧ жұқтырып алған науқастар Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері емес. Бұл сауалға жауап бермеуіме де болар еді, өйткені науқастардың жеке басы туралы ақпарат беруге болмайды», - деді денсаулық сақтау вице-министрі – еліміздің бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде аталған науқастардың ҰҚК-да жұмыс істейтіні туралы қауесет тараған болатын.