Назарбаевтың бұрынғы резиденциясы балалар орталығына айналды

Азамат Ахметов
Orda.kz

Жамбыл облысындағы президенттік резиденция балаларға арналған оқыту-сауықтыру орталығына айналды. «Мөлдір бұлақ» деген атау алған орталықта негізінен 5-9 сынып оқушылары демалатын болады.

Аталған нысан 10 гектар аумақты алып жатыр. Мұнда оқу кабинеттері, спорт алаңдары, шығармашылыққа арналған бөлмелер, түрлі үйірмелер бар. Әрбірі заманауи қондырғылармен жабдықталған. Балалар 5 уақыт тамақтанады. Сондай-ақ, инклюзивті білім беруге де жағдай жасалған.

Әр ауысымда орталық 50 баладан қабылдайды. Жазда бір маусым 12 күнді құраса, басқа мезгілде 24 күнге созылады.

Еске салайық, биыл ақпан айында Мемлекет басшысы облыстардағы президенттік резиденцияларды халықтың қажеттілігіне беруді тапсырған болатын.