Астанада Кентау қаласы әкімінің лауазымын және банк директорының орнын сатпақ болған алаяқ әйел сотталды.
Қылмыскер өз таныстарына лауазымды қызметтерді ұсынып, бағасын ашып айтқан. Мәселен, Кентау қаласына әкім болу үшін 4 млн теңге ақы сұрапты. Дәл осындай соманы банкке директор болғысы келетін адам да беруі керек болған.
Алаяққа екі адам алданды. Оның бірі 650 мың теңгесінен айрылса, екіншісі қылмыскер әйелге өз қолымен 3,6 миллион теңге ұстатқан. Алданғандарын кеш білген екеу полицияға арызданып, тәртіп сақшылары күдіктіні көп ұзамай ұстаған.
Сот болса алаяқты түрмеге қамаған жоқ. Ол үш жарым жылға шартты жазаға кесілді.
Ал, 4 миллион теңгеге әкім болғысы келген азаматтың аты-жөні айтылмады.