Түркістан облысының Арыс қаласында құрылысы жүріп жатқан үйдің аумағынан екі адамның мәйіті табылды деп хабарлайды ҚР ІІМ.
Оқиға 5 тамызда болған. Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, суық қаруланған екі адам салынып жатқан үйдің аумағына кіріп оқ жаудырған. Артынша екеуі де қашып кетіпті.
«Алған дене жарақатынан үй иесі мен оған көмектесіп жүрген тағы бір ер адам қаза тапты. Тағы екеуі ауыр жараланып, ауруханаға жеткізілді», – делінген аталған хабарламада.
Қазіргі таңда күдіктілерді іздеу және ұстау үшін арнайы операция ұйымдастырылған.