Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Самат Әбіш Қазақстаннан кеткен жоқ – БАҚ

Азамат Ахметов
Көрнекі фотосурет

Бұған дейін отандық Telegram-каналдардың бірі Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Самат Әбіш Түркияға көшіп кеткенін жазған болатын.

Алайда, ҚазТАГ ақпараттық агенттігі ҰҚК төрағасының экс-бірінші орынбасары Қазақстанды тастап ешқайда кеткен жоқ деп мәлімдеді.

«Самат Әбіш Алматыда. Қайрат Сатыбалдыны (Саматтың ағасы - авт.) қамаған кезде оның шетелге заңсыз шығарылған активтерін елге қайтаруды жүзеге асыратын және бақылайтын адам керек болды. Бұл функция Самат Әбішке жүктелді», - деді ҚазТАГ тілшісіне өз дереккөздерінің бірі.

Еске салайық, былтыр Қаңтар оқиғасынан кейін Нұрұлтан Назарбаевтың інісі Самат Әбіш қызметінен қуылған болатын. Ол ҰҚК-да Кәрім Мәсімовтің бірінші орынбасары болған.

Сізге қызықты болады